Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданындағы үш ауылдың тұрғындары ауыз суды үш күнде бір сатып алуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданындағы үш ауылдың тұрғындары ауыз суды үш күнде бір сатып алуға мәжбүр

Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданындағы үш ауылдың тұрғындары ауыз суды үш күнде бір сатып алуға мәжбүр

Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданындағы Мәдениет, Бидайық және Қосағаш ауылдарының тұрғындары ауыз суды үш күнде бір сатып алуға мәжбүр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәдениет ауылының әкімі Бату Жұмағұлов хабарлады.

  • 18 Мамыр 2004
  • 995
Фото - Caravan.kz

Б.Жұмағұловтың айтуынша, бұған дейін аталмыш ауылдардың тұрғындары ортақ су құбырын пайдаланып келген. 1996-жылы құбыр істен шығып, ауыл тұрғындары сусыз қалды. Сөйтіп қазір ауыл тұрғындары үш күнде бір келетін су тасығыш машинадан ауыз суды сатып алуға мәжбүр. Мәселен, мәдениет ауылының тұрғындары 50 литр суды 10 теңгеге алып отырған. Ал көршілес Бидайық және Қосағаш ауылдарының тұрғындары суды 15 теңгеге сатып алуға мәжбүр. Б.Жұмағұловтың айтуынша, кезінде су тасушы автокөлікті Мәдениет ауылына облыстық әкімшілік тарту еткен. Көлікті тұтынуға қаржы қажет болғандықтан, көршілес ауылдарға суды қымбатқа сатуға тура келіп тұр.

Мәдениет ауылы әкімінің айтуынша, ауылдардағы суға қатысты ахуал ушығайын деп тұр, алайда, проблеманы шешу үшін ешбір әрекет жасалған жоқ. «Орталықтандырылған желіні қайта жаңғырту үшін миллиондаған қаржы қажет. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі бұл проблеманы қаржы болса, 2006-жылы ғана қолға алмақ ниетте»,- дейді ол.

Соңғы жаңалықтар