Бөлінген қаржы Құлан ауылында екі пәтерлі 15 үй салуға арналмақшы. Сонымен бірге, республикалық бюджет қаржысы есебінен Шығыс Қазақстандықтар Луговой станциясында бір пәтерлі 30 үй салуды межелеп отыр.
Жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған есепшотқа Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар мен ұйымдардан 26 млн. теңге келіп түсті.
Қазір Жамбыл облысындағы қалпына келтіру жұмыстарына Шығыс Қазақстандық 195 адам атсалысуда.