Шығыс Қазақстан облысы жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайы
![]() |
2012 жылғы 14 қараша, сағат 08:00 жағдай бойынша |
Шығыс - Қазақстан облысында "Өскемен - Риддер - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының Белоусовка - Риддер (15-105 км) және "Өскемен - Зыряновск - Қатонқарағай - Рахманов бұлақтары" автожолының Ушаново - Серебрянск (6-65 км) учаскелері көліктер үшін ашылды.
"Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, таңертеңгі сағат 08.00 бастап «Өскемен - Риддер-Ресей мемлекеті шекара» (45-105 км) автожолының Секисовка-Риддер» учаскесі бойында тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар автокөліктердің жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның арнайы техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін