Шығыс Қазақстан облысында 1-қаңтардан бастап электр қуатының тарифі 20 пайызға өспек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 1-қаңтардан бастап электр қуатының тарифі 20 пайызға өспек

Шығыс Қазақстан облысында 1-қаңтардан бастап электр қуатының тарифі 20 пайызға өспек

СЕМЕЙ. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі 20 пайызға өспек. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 665
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 1-қаңтардан бастап электр қуатының бір кВт-ы 4,16 теңгені құрайды. Бұл бір кВт-ы 3,74 теңгені құрап отырған қазіргі тарифтен 20,32 пайызға артық, деді.

Баспасөз қызметінде Шығыс Қазақстан облысына электр қуатын тасымалдаушы «Шығысэнерготрейд» ЖШС ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетіне тарифті көтеру туралы хабарландыру хатын жолдағандығы белгілі болды.

Мұндай қадам электр қуатын сатып алу бағасының көтерілуіне негізделіп отыр. Жаңа баға компанияның электр қуатын «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ мен «KEGOC» АҚ желілері бойынша тасымалдау және сатып алуға кеткен барлық шығындарын жабады, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, компанияның өзін жабдықтауға қатысты үстеме сол қалпында қалып отыр, яғни бір кВт-на 13,5 тиын, немесе бағамен 3,5 пайызды құрап отыр. «Бұл қазіргі уақыттағы Қазақстан бойынша жабдықтауға қатысты ең төмен үстеме», — деді баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифі соңғы рет 2006 жылдың 15-маусымында 16 пайызға көтерілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар