Шығыс Қазақстан облысында 29-қыркүйекте Рихтер өлшемі бойынша 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 29-қыркүйекте Рихтер өлшемі бойынша 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында 29-қыркүйекте Рихтер өлшемі бойынша 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында 29-қыркүйекте Астана уақыты бойынша 22 сағат 29 минутта Рихтер өлшемі бойынша 1-2 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 565
Фото - Caravan.kz

Ресей аумағындағы Алтай тауларындағы жер сілкінісі ошағында сілкініс қуаты 4-5 баллды құраған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-қыркүйек, сенбі күні Шығыс Қазақстан облысында Астана уақытымен 18 сағат 35 минутта Рихтер өлшемі бойынша 3-4,5 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің кіндігі — Таулы Алтай жотасында , солтүстік ендіктің 49 градус 58 минуты мен шығыс бойлықтың 87 градус 54 минутында, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 1080 , Өскеменнен шығысқа қарай 370 шақырымда болды. Өскемен және Зайсанда сілкініс қуаты 3 баллды, Зырян және Семейде 3-4 баллды құрады. Зілзаладан зардап шеккендер жоқ. Күршім, Қатон-Қарағай аудандарындағы тұрғын үйлер, ауруханалар мен мектептердің қабырғаларына жарық түсіп, шатырлары бұзылған. Ал, Зырян ауданында жарық өшіп, сумен қамтамасыз ету желілерінде апат болған.
Өскеменде жел асты дүмпуінің салдарынан кейбір ғимараттарда сылақтар түсіп, қабырғалар мен шатырда жарық пайда болды. Ескі тұрғын үйлердің бірінде кіреберіс қанаты құлаған.
Сондай-ақ, 28-қыркүйекте түнгі сағат 2-де жер асты дүмпуін сезінген Өскемендік көп қабатты үйлердің тұрғындары далаға қашып шыққан.

Соңғы жаңалықтар