Шығыс Қазақстан облысында 9 мыңнан астам жеке меншік шағын кәсіпорын тіркелген, оның 70 проценті жұмыс істеп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 9 мыңнан астам жеке меншік шағын кәсіпорын тіркелген, оның 70 проценті жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында 9 мыңнан астам жеке меншік шағын кәсіпорын тіркелген, оның 70 проценті жұмыс істеп тұр

2004-жылдың 1-мамырындағы жағдаймен Шығыс Қазақстан облысында 9 мың 54 жеке меншік шағын кәсіпорын тіркелген, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5,5 процентке артық, олардың 70 проценті жұмыс істеп тұр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық статистикалық басқармасынан хабарлады.

  • 31 Мамыр 2004
  • 647
Фото - Caravan.kz

Шағын кәсіпорындардың 48,8 проценті сауда-саттық, автокөлік және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу саласында, 14,9 проценті өнеркәсіп, 9,9 проценті құрылыс, 9,6 проценті жылжымайтын мүлікке қатысты сауда-саттық шараларын жүзеге асыру саласында жұмыс істейді.

Шағын кәсіпорындардың 58,4%-і Өскемен қаласында , 25,4%-і — Семейде, 1,9%-і — Риддерде, 2,7%-і — Зырян ауданында, 2,1%-і — Шемонаиха ауданында, 1,9%-і — Глубоковское аудандарында шоғырланған.
2004 жылдың 1- мамырындағы жағдаймен Шығыс Қазақстанда 13 мың 354 шаруа қожалықтары тіркелген, олардың 94,8%-і жұмыс істеп тұр. Бұл шаруашылықтарда 35,7 мың адам еңбекпен қамтылған.