Атап айтсақ, түрлі маркалы 12 шағын бейнекамералар заңсыз айналымнан тәркіленді.
Өскемендегі арнаулы әкімшілік сотының қаулысына сәйкес тыйым салынған техниканы сатуға әрекет жасаған кәсіпкер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 357-бабы, 1-тармағында қарастырылған құқық бұзушылық әрекеті үшін айыпты деп танылып, 30 ең төменгі айлық есептік көрсеткіш (30900 теңге) көлемінде айыппұл төлеп, 180 550 теңге тұратын шағын бейнекамералар мемлекеттің кірісіне тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті