Шығыс Қазақстан облысында автожолдардағы қозғалыс жартылай жандандырылды
Өскемен. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында автожолдардағы қозғалыс жартылай жандандырылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Қазақавтодор" РМК хабарлады. |
Сағат 10.00 жағдаймен Өскемен - Шемонаиха, Самарское - Көкпекті, Көкпекті - Зайсан жолдары ашылды.
Кәсіпорын мәліметінше, күн райының қолайсыздығына байланысты Өскемен - Зыряновск, Өскемен - Риддер тас жолдары әлі де жабық. Өскемен- Самарское бағытында автобустар мен тіркемелі автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған.
"Қалған бағыттарда облыс орталығынан шыға берісте автокөліктердің жүруіне рұқсат берілген, жолдар арнаулы техниканың көмегімен тазартылды", -деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін