Шығыс Қазақстан облысында бордақылау алаңдары құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бордақылау алаңдары құрылады

Шығыс Қазақстан облысында бордақылау алаңдары құрылады

Өскемен. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында базарларға ет жеткізу жағдайын тұрақтандыру үшін бордақылау алаңдары құрылады. Бұл туралы облыс әкімі Әділғазы Бергенев аграрлық саланың өкілдері мен мемлекеттік құрылымдардың жетекшілерімен болған кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Тамыз 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Толыққанды жемдік базаны дайындауға және дәстүрлі жақсы түсім жинауға күн райының қолайсыз жағдайы кедергі келтіруге байланысты күн тәртібіне басты мақсат ретінде қала тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етуге жағдай жасауды шығарып отыр. Осыған байланысты малды жаппай сойысқа жіберуге жол беруге болмайды», — деді ШҚО әкімі.

Соған сәйкес өңір басшылығының тапсырмасымен жем дайындауда тауқыметтер туындаған аудандардан мал сатып алу схемасы жасалды. Бүгінгі күні осындай жағдай Жарма , Тарбағатай, Күршім және Аягөз аудандарында қалыптасып отыр. гозском районах.

Ә. Бергенев Глубоковское, Шемонаиха және Зыряновск аудандарындағы шаруа қожалықтарының негізінде тиісінше 2000, 1500 және 1000 басты малға арналған бордақылау алаңдарын құруға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар