Шығыс Қазақстан облысында электр қуатын жіберуге шектеу қойылуы "Шығысэнерготрейдтің" қарыздарына байланысты - KEGOC - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында электр қуатын жіберуге шектеу қойылуы "Шығысэнерготрейдтің" қарыздарына байланысты - KEGOC

Шығыс Қазақстан облысында электр қуатын жіберуге шектеу қойылуы "Шығысэнерготрейдтің" қарыздарына байланысты - KEGOC

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ""Шығысэнерготрейд" ЖШС KEGOC" АҚ алдындағы қарыздарына байланысты кеше Шығыс Қазақстан облысы тұтынушыларына жіберілетін электр қуатына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін "KEGOC"АҚ таратқан хабарламасында айтылған.

  • 16 Мамыр 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

» Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Шығыс Қазақстан облысына электр қуатын жіберуге шектеу қойылғаны электр қуатының тапшылығы мен апатты жағдайдың салдарынан туындады деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

«KEGOC» АҚ компаниясының ақпараты бойыншап, 15 мамырда 2008 жылы 13 сағат 40 минуттан 18 сағат 30 минутқа дейін «Шығысэнерготрейд» үшін KEGOC 70 МВт көлемінде электр қуаты тасымалына шектеу қойды. Мұндай шара жылдың басынан «Шығысэнерготрейд» сағат сайын тұтынған 260 МВт (тәулігіне 5 млн кВт-с) деңгейіндегі электр қуатының орнына 50 МВт көлеміне ғана төлеп отырған.

KEGOC-тың баспасөз қызметі хабарлағанындай,»Шығысэнерготрейдтің» ресми хатына сәйкес арызда төмендетіліп берілген көлемдер «кәсіпорынның қажетті көлемде электр қуатын тасымалдап сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеу алмауымен байланысты.Ал бұл бүгінгі тарифтердің тиімсіздігімен байланысты».

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 2008 жылдың 1 -14 мамыр аралығында тұтынылған электр қуатының көлемі тапсырыс арызындағы көлемнен асып түсіп 23 млн кВт-с құрады, деп атап өтті баспасөз қызметінде.

«KEGOC»АҚ ақпараты бойынша олар бірнеше рет «Шығысэнерготрейд» компаниясына KEGOC -тың ұлттық диспетчерлік орталығына берілетін тапсырыстарында нақты тұтыну көлемін көрсетіп, қарыздарды өтеудің кестесін тапсыруды талап еткен.

Бүгінгі күні «Шығысэнерготрейд» ЖШС қатысты шектеулер айдың аяғына дейін берешекті өтеудің кестесін тапсыру жөнінде берілген кепіліне орай алынып тасталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«KEGOC» АҚ атап өткеніндей, «Шығысэнерготрейд» ЖШС электр қуатын келісім-шарттан тыс тұтынғандығы белгіленген мерзім аралығында Ресей мен Қазақстанның электр жүйеаралық(сағат сайын 120-130 МВт)тоқ теңгерілімін бұзды.

Кеше хабарланғанындай, Шығыс-Қазақстанның аумақтық энергетикалық компаниясының (ШҚАЭК) баспасөз қызметі KEGOC АҚ Экібастұз ГРЭС-2-де болған апатқа байланысты Шығыс Қазақстан облысына тасымалданатын электр қуатына шектеу қойды деп ақпарат таратқан болатын. ГРЭС-2 басшылары ресми түрде ШҚАЭК мәлімдемесінің шындыққа жанаспайтынын атап өтіп, станцияның бұрынғы режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«KEGOC» АҚ өз кезегінде Екібастұз ГРЭС-2 Шығыс Қазақстан облысына электр қуатын жіберуге шектеу қоймағанын растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті