Шығыс Қазақстан облысында екі медбикеге қан тапсырушы донорлардың ақшасын иемденіп кетті деген айып тағылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында екі медбикеге қан тапсырушы донорлардың ақшасын иемденіп кетті деген айып тағылуда

Шығыс Қазақстан облысында екі медбикеге қан тапсырушы донорлардың ақшасын иемденіп кетті деген айып тағылуда

ӨСКЕМЕН. 2-қараша. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық ауруханасының екі медбикесіне қан тапсырушы донорлардың ақшасын иемденіп кетті деген айып тағылуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Қараша 2006
  • 368
Фото - Caravan.kz



«Қалалық №1 ауруханада өткізілген тексеру қорытындысы көрсеткеніндей, қан ауыстыру бөлімшесінің аға медбикесі мен оның әріптесі бір жарым жылдай уақыт бойы қан тапсырушы донорларға төленетін өтемақы туралы ақпартізімді қолдан жасап келген»,- дейді прокуратура.

Медбикелер аурухананың есеп-қисап бөліміне ай сайынғы есепті тапсырған кезде жасанды қол қою арқылы бюджет қаржысын жымқырып келген.

Прокуратура медбикелердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің құжаттарды қолдан жасау қылмысын топтың бірнеше мәрте жасауы жөніндегі 325-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бапқа сәйкес төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір прокуратура аурухана қызметкерлерінен басқа да кімдердің қаржылық қитұрқылықтарға қатысы бар екендігін тексеруде.

Перейти к новостям спорта