Жарияланды: 480

Шығыс Қазақстан облысында екі жеткіншек жай отынан көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында екі жеткіншек жай отынан көз жұмды. Қайғылы оқиға Бородулиха ауданының Коростели ауылында орын алды.

Ойын балалары күн райының бұзыла бастағанына қарамастан ауыл маңындағы  өзенде шомылып жүрген. Олар жарқылдаған найзағайды да елемеген. 9 және 12 жастағы екі бала тура түскен жай отынан тіл тартпайкетті. Жеткіншектердің денесін жергілікті тұрғындар тапқан. Найзағайдың дәл бұлай қатты соққанын мұндағы жұрт бұрын-соңды көрмепті. Құтқарушылардың айтуынша, балалар білместіктен қарапайым қаупсіздік шараларын ескермей, назайғай қатты жарқылдаған тұста жағада жүріпті.

Евгений Шатурный, ШҚО ТЖД ақпараттық талдау бөлімінің бастығы:

- Біріншіден - балалар су қоймасының жанында жүрген. Екіншіден - ол жақта жасырынатын да жер болмаған. Жай оты сулы, дымқыл  жерге тартылады. Қайғылы оқиғаның орын алуына осының бәрі септігін тигізді. Қысқасы, балалардың аман қалатындай мүмкіндіктері болмаған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін