Халықтық спорт ойындары биыл Мұхтар Әуезовтың 110 жылдық мерейтойына арналып, Семейде өтеді. Шараның мақсаты — олимпиада және халықтық спорт ойындарын одан әрі дамыту мен насихаттау, халықатар арасындағы достық пен келісімді нығайту, қала және ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, ШҚО аймақтарында спорт саласының материалдық базасын нығайту болып табылады.
Ойындар бағдарламасында жеңіл атлетика, волейбол, футбол, қазақша күрес, гир көтеру, армрестлинг, тоғыз құмалақ, бәйге (аламан, жорға жарыс, теңге алу, көкпар), шахмат, дойбы, үстел теннисінен сайыстар бар.
XI ойындар сайыстарына Өскемен, Семей, Зыряновск, Риддер, Курчатов пен ШҚО аудандарынан 2-ші және аудандар үшін 3-ші дәрежеден төмен емес дәрежелі спортшылардан жасақталған құрамалар қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті