Жарияланды: 370

Шығыс Қазақстан облысында көшкен қар жолды басып қалған

Шығыс )азақстан облысында боран салдарынан қар көшіп, күре жол жабылып қалды.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға сәрсенбі күні болған. «Көшкін боран салдарынан жабылған Өскемен-Самара тас жолының 101-ші шақырымын жауып тастады. 800 текше метр қар құлаған жол әлі жабық», - деп хабарлайды ТЖД. Сонымен қатар, Қатон-Қарағай ауданында екі рет қар көшкіні жүріп, Согорное-Печи тас жолының 16-шы шақырымын басып қалған. Жолға құлаған қардың көлемі 300 текше метрді құрады. Қазір жолдың аталған бөлігі ашылды. Ешкім зардап шеккен жоқ, делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін