Шығыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен бір бақташы ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен бір бақташы ауруханаға түсті

Шығыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен бір бақташы ауруханаға түсті

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылының бір тұрғынына дәрігерлер "күйдіргі" диагнозын қойып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Маусым 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 26-мамырда бақташы үш танысымен бірге бір сиырды сойып, етін бұзған. Бір аптадан кейін бақташы орталық аудандық ауруханаға «оң жақ қолының некрозды флегмонасы» деген диагнозбен жатқызылды. Ал 7-маусым, дүйсенбіде науқас облыстық медициналық бірлестіктің жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылып, оған алдын-ала «күйдіргі» деген диагноз қойылды.

Қазір сырқаттың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ауданда жұқпалы аурудың таралуына қарсы шаралар қолданыла бастады.