Шығыс Қазақстан облысында күшті желден 3,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында күшті желден 3,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды

Шығыс Қазақстан облысында күшті желден 3,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында күшті жел электр жалғастыру желісін зақымдады, соның салдарынан 3,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Маусым 2007
  • 387
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, жылдамдығы секундына 16 метрге жеткен жел Шығыс Қазақтанда сейсенбіде 3 пен 5 сағат арасында соғып өткен. «Электр жалғастыру желілерінің апаттық жағдайда үзілуі салдарынан Өскеменде 482, Риддерде 850, Семей өңірінде 411, Жарма ауданында 1726 тұтынушы жарықсыз қалды. Зардап шеккендер жайында мәлімет жоқ»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Сәрсенбі күнгі 6 сағаттағы жағдаймен желі қалпына келтіріліп, жарық жіберілді. Апаттық қалпына келтіру жұмыстарын «ШК АЭК» АҚ бригадалары жүзеге асырды»,- деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті