Жарияланды: 610

Шығыс Қазақстан облысында "Мәдени сенбілік" аясында әдеби-библио керуен ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысында "Мәдени сенбілік" аясында әдеби-библио керуен ұйымдастырылды

10 қараша 2012 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен, ШҚО мәдениет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан «Мәдени сенбілік» акциясы өз жалғасын тауып, Семей қаласындағы Шоқан Уәлиханов көшесіндегі М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жанында «Шоқан Уәлиханов - қазақтың ғұлама ғалымы» атты әдеби-библио керуен ұйымдастырылды. Мәдени шараның негізгі мақсаты: қала тұрғындарының

бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, олардың кітапқа және оқуға деген қызығушылықтарын жетілдіруге қолдау жасау болып отыр.Шараға Шоқан Уәлиханов көшесінің тұрғындары, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Мәдени шараны кітапхана қызметкерлері Майкенова Айман мен Мұсылманқұлова Гүлмира жүргізді.Іс-шара барысында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы, ғалым өмірінің белгісіз беттерінен хабарлама жасалып, көшенің тарихы туралы мағлұмат берілді, «Шоқан – қазақтың ұлы ғалымы» атты ашық кітап көрмесі жасақталды, викториналық ойын ойнатылды. Шара соңында белсене қатысушы студенттер мен көше тұрғындары сыйлықтармен марапатталып, оларға буклеттер таратылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін