Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын

Семей. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда облыста 1004 білім беру нысаны жұмыс істейді. Олардың 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын. Білім беру нысандарын оқу жылына дайындау жауапкершілігі қала және аудан әкімдерінің, білім беру бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорыларының мойнына жүктелген. Облыс әкімі Әділғазы Бергенов бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау қажеттігін баса айтты», — деп хабарлады әкімдік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті