Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, соңғы кезде ішкі істер органдарының бірінші басшыларының, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының жасанды визитка карточкаларын жасау деректері жиілеп барады. «Халық арасында осындай «визиткаларды» иемденген тұлға заңды жауапкершіліктен, әсіресе әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтарып кетеді деген қате пікір тараған»,- деді баспасөз қызметінің басшысы Лариса Поломошнова.
Ол жасанды «визитка» бланктерін жасау және тарату заңмен қудаланатындығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті