Оның айтуына қарағанда, тек соңғы аптада қызамықпен ауырғандар саны екі есе, қызылшаға шалдыққандар саны бір жарым есе өскен. Негізінен Семейде қызылша, ал Өскеменде қызамық дерті етек алып отыр.
Мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық бақылау қызметінің мәліметі бойынша науқастардың жас мөлшері 14 пен 40 аралығында. Дәрігерлер тіпті балалық шағында ауруға қарсы вакцина егуден өткен, аталмыш жұқпалы дерттерге қарсы иммунитеті болуы тиіс адамдар да ауырып жатқанын байқаған. «Вакцина егу шарасынан 5-6 жылдан кейін иммунитет қайтадан әлсірей бастайтынға ұқсайды. Оның себептері әзірге бізге белгісіз»,- дейді Н.Отт.
Қызылша мен қызамықтың алғашқы белгілері кәдімгі тұмауға өте ұқсас, ал теріге шығатын ауруға тән бөрткендер 4-5 күнде ғна пайда болады деп ескертеді. «Адамдар ауруды көп жағдайда асқындырып алады. Ал ол ауыр зардаптарға апарып соғады. Қызылша мен қызамықтың асқыну салдарынан көбінесе өкпе қабынуы белең алады»,- деді Н.Отт.