Шығыс Қазақстан облысында шахтаның ауа тартқыш үңгіріне автокөлік түсіп кетті. Бір адам қаза тауып, екі адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында шахтаның ауа тартқыш үңгіріне автокөлік түсіп кетті. Бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысында шахтаның ауа тартқыш үңгіріне автокөлік түсіп кетті. Бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылында "Новая" атты шахтаның ауа тартқыш үңгіріне "УАЗ-452" автокөлігі түсіп кетті. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Маусым 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, үңгірдің беткі топырақ қабаты опырылып кету салдарынан диаметрі 80 метр, тереңдігі 40-50 метрлік қуыс түзілген. «Новая» шахтасы «Қазақмыс» корпорациясының Белоусовка кенішіне қарайды.

Зардап шеккендер Шығыс Қазақстан облысы Уварово ауылындағы «Надежда» шаруа қожалығында істейтін адамдар екен.
Оларды құтқару шарасына 20 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта