24-қараша, бейсенбіде Күршім ауданының Қаратоғай ауылында жылдамдығы секундына 30 метрге жететін дауыл соқты. Соның салдарынан бастауыш сыныптарға арналған мектеп ғимаратының 200 шаршы метр алаңды иемденетін шатыры мен Мәдениет сарайының 100 шаршы метрлік шатыры жұлынды.
Сондай-ақ, облыстың Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылында дауыл ауылдық әкімшілік пен ауылдық клуб ғимараттарының шатыры қирады. Маңырақ ауылында әкімшілік пен ауылдық клуб, мәдениет үйі мен фельдшерлік-акушерлік бөлімше ғимараттарының шатыры жұлынды.
Күршім ауданы Абай ауылдық округінің Қойтас ауылында дауыл ауылдық клубтың шатыры мен орта мектеп ғимараты шатырының шиферін аударып әкетті. Дауылдың жылдамдығы секундына 28-30 метрге жетті.
Қазір дауыл зардабын жою жұмыстары жүргізілуде. Шығын көлемі есептеліп жатыр.