Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

АСТАНА. 4 - маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Маусым 2007
  • 331
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскемен қалалық сотының үкімімен Риддер қалалық сотының судьясын 10 мың теңге көлемінде пара алғандығы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының «а» тармақшасында қарастырылған «пара алу» қылмысын жасады деп танып, мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 3-тармағының «а» тармақшасы бойынша (экономикалық контрабанда) «Майқапшағай» кеден бекетінің маманы, кеден қызметінің капитанын және «Майқапшағай» мал дәгерлік-бақылау бекетінің маманы-мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторын мүліктерін тәркілеумен 3 жыл және 6 айға бас бостандықтарынан айырды. «Жоғарыда көрсетілген тұлғалар қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, және де Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағына шошқа әкелуге тыйым салынғандығын біле тұра, республикаға күйдіргі індетін жұқтырған шошқаларды әкелген»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті