Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының баспасөз қызметінен бүгін, 17-шілдеде хабарлады.
Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, ҰҚК мен облыстық ІІБ өкілдері келіп жетті. Әскери бөлімшенің саперлері минаны қауіпсіз жерге жеткізді.
Кейінірек минаның оқыту мақсатындағы құрал екені анықталды.
Шығыс Қазақстан облысында танкке қарсы қолданатын мина табылды
