Шығыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды; зардап шеккендер жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды; зардап шеккендер жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды; зардап шеккендер жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Ми-2 тікұшағы апатты жағдайда қонды; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Бесқарағай ауданы Семеновка ауылындағы жанармай тарату бекетінің маңында сәрсенбі күні таңертең Өскемендегі коммуналдық-қазыналық кәсіпорынның Ми-2 тікұшағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін Өскеменнен Ақтөбеге қарай ұшып шыққан жерінен апатты жағдайда қонды»,- деп хабарлайды мекеме.

Тікұшақ қозғалтқышы істен шығуға байланысты қонуға мәжбүр болған. «Қозғалтқыштың істен шығу себептерін анықтайтын арнаулы комиссия келгенге дейін тікұшақ қонған жерінде қала бермек. Тікұшақ күзетке алынды»,- деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті