Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бала мен оның анасы Георгиевка ауылына Семейден туыстарына қыдыра келген. «Бір көшеде трансформатор орнатылған үйшіктің есігі ашық тұрған, бала соған кіріп кеткен»,- дейді тәртіп сақшылары.
Олардың айтуынша, бала тоққа соғылып, басы, арқа тұсы мен балтырының бас жағы күйіп қалған. «Ол ауыр жағдайда Жарма аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті