Шығыс Қазақстан облысында "Уылдырық шашу" атты шара барысында заңсыз балық аулауға қатысты 200 деректің беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында  "Уылдырық шашу" атты шара барысында заңсыз балық аулауға қатысты 200 деректің беті ашылды

Шығыс Қазақстан облысында "Уылдырық шашу" атты шара барысында заңсыз балық аулауға қатысты 200 деректің беті ашылды

СЕМЕЙ. 8 -маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында "Уылдырық шашу" атты шара барысында заңсыз балық аулауға қатысты 200 деректің беті ашылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің табиғат қорау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінен хабарлады.

  • 8 Маусым 2007
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бөлім ақпаратына сәйкес, шұғыл алдын-алу мақсатындағы «Уылдырық шашу» атты шара іске асырылған 31 күнде құжатсыз балық тасымалдауға қатысты төрт, заңсыз балық аулауға қатысты 207 деректің беті ашылған. Тәртіп сақшылары 530 кг абыщқ пен 14,3 кг уылдырық тәркіледі. Сондай-ақ, ұзындығы 14 шақырым 206 ау, 11 резеңке қайықты қосқанда жалпы 14 қайық, «Вихрь» және «Нептун» атты екі мотор тәркіледі. «Шығын көлемі 43 959 теңгені құрап, 667 213 теңгенің айыппұлы салынды», — деп хабарлайды бөлімдегілер.

Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің табиғат қорау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің қызметкерлері жуырда Марқакөл көлінде браконьерлік дерегін әшкереледі. «Заңсыз балық аулағаны үшін Бұлғары-Табыты ауылының екі тұрғыны ұсталды. Олардан Қызыл кітапқа енгізілген 212 кг ускуч балығы тәркіленді. Шығын көлемі 694 592 теңге болды», — дейді полициядағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті