Шығыс Қазақстан облысында VI Халықаралық бал фестивалі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында VI Халықаралық бал фестивалі ашылды

Шығыс Қазақстан облысында VI Халықаралық бал фестивалі ашылды

Дәстүрлі халықаралық бал фестивалі бүгін Шығыс Қазақстан облысында ашылды. Екікүндік Бал мерекесіне Өскеменге 14 елдің өкілдері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен омарташылар, қазақстандық ауыл шаруашылығы ведомстволарының, денсаулық сақтау, білім және ғылым, ара өсірушілер қауымдастықтарының өкілдері келді.

  • 29 Тамыз 2013
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұл — осымен өңірдің әкімшілігі өткізіп отырған төртінші бал фестивалі. Осы жылдар аралығында тек қана дәстүрлі емес, сонымен бірге, халықаралық фестивальға айналды. Биылғы жылы Бал фестивалі «Еуразиялық контингентте омарташылықты дамыту перспективалары» талқылаған «дөңгелек үстелден» басталды.

«Дөңгелек үстел» аяқталысымен, оған қатысушылар өңірдің үздік ара өсіру шаруашылықтарын аралап, ал белгілі омарташылар ара өсіруде өндірістік технологияларды енгізу бойынша геберлік сыныптарын өткізеді.

Ертең, 30 тамыз күні Өскеменде Бал фестивалі жалғасын табады, онда Бал жәрмеңкесі өтіп, ара өсірудің заманауи құралдарының көрмесі ұйымдастырылады, үздік жәрмеңке өнімдеріне сертификаттар мен сыйлықтар табыс етіледі.

Cонымен қатар, өңірде ара шаруашылығын дамыту үшін облыстық бюджеттен осы сала субсидияланады. Өткен жылы омарташылардың ісі қолдап, 24 млн. теңге субсидия бөлінген болатын, биылғы жылы 26 млн. теңге.


Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев балалардың денсаулығы үшін мектеп оқушыларының тамақтануына күн сайын тегін түрде бір қасық бал беруді міндетті түрде енгізуді қолға алмақшы.

Перейти к новостям спорта