Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 15 адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 15 адам тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 15 адам тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 15 адам тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семейдегі СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың директоры Арман Жандыбаев хабарлады.

  • 14 Ақпан 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, әсіресе Өскемен, Риддер және Зыряновск қалаларында індетті жұқтыру оқиғасы жиілей түскен. Қазіргі жағдаймен Семейде ВИЧ індетін жұқтырған 27 адам тіркеліп отыр. Олардың 21-і есірткіні инемен қабылдаушы нашақорлар болса, бес адам жыныстық жолмен ал 1 адам қан тапсыру барысында індет жұқтырған.

2004-жылы 16360 Семей тұрғыны, соның ішінде 694 шетел азаматы ВИЧ/СПИД жұқтыру жағдайына қатысты тексеруден өтті. Соның нәтижесінде үш адамның індетті жұқтырғаны анықталды, дейді А.Жандыбаев. 2005-жыл басынан бері 2 мың 54 адам тексеруден өтті. Олардың арасынан вирус жұқтырғандар шыққан жоқ.
Жалпы еліміз бойынша қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған 4 мың 696 адам тіркелген, олардың 31-і 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Перейти к новостям спорта