Шығыс Қазақстан облысында жанар-жағармай қоймасындағы өрт салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жанар-жағармай қоймасындағы өрт салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысында жанар-жағармай қоймасындағы өрт салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды

Шығыс Қазақстан облысында жер астындағы жанар-жағармай қоймасында шаққан өрт салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға Ұлан ауданы Таврическое ауылындағы «Қазавтодор» ЖШС-іне қарасты жанар-жағармай қоймасында шыққан. Қойма ғимаратында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан жанармай буы жарылып, артынан жана бастаған. Өрт салдарынан 51 жастағы мастер оқиға орнында күйік салдарынан қаза тапты. Жүргізуші мен аға мастер ауруханаға түсті.

Өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіруге 11 адам мен 4 техника жұмылдырылды. ҚР төтенше жағдай жөніндегі министрлігінің күштері тілсіз жауды үш сағатта ауыздықтады.

Перейти к новостям спорта