Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын шатқалдан оқ-дәрі қоймасын тауып алды
Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын шатқалдан қару-жарақ қоймасын тауып алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, 4 қарашада сағат 16.20-да Катон-Қарағай ауданының Большенарым ауылынан 5 шақырым жердегі шатқалдан жергілікті бір тұрғын оқ-дәрі қоймасын тауып алды. Ол жерден 57 дана тактикалық ВОГ-17 гранатасы, жауынгерлік 1 дана ПГ-9 гранасы; инертті 1 дана ПГ-7 гранатасы; калибрі 7,62 миллиметрлік 311 дана ; калибрі 5,45 миллиметрлік 103 дана оқ шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін