Министрліктің ақпаратына сәйкес, апат 23-ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында болған. «Тойота» және «ВАЗ-2109» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан ВАЗ-да отырған жолаушы әйел қаза тапты. Екі жүргізуші мен басқа жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.