Мекеме ақпаратына сәйкес, Жарма ауданында, Омбы-Майқапшағай тас жолының 927-ші шақырымында Георгиевка ауылынан 24 шақырым жерде 1-наурызда 14 сағат 30 минутта «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «Мерседеспен» соғысты.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тауып, «Мерседес» автокөлігінде отырған тағы бір жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті