Апат Бородулиха ауданында Ново-Покровка-Вавилоновка бағытындағы автожолдың 33-шақырымында 31-қаңтар күні таңертең болған. «Форд» және «Москвич-2140» автокөліктері соғысты. Апат салдарынан «Форд» автокөлігінің жүргізушісі мен «Москвич» көлігінде отырған 22 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты. Екінші жүргізуші мен тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.