Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, тағы төртеуі зардап шекті
Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Глубоковское ауданында Өскемен - Бобровка тас жолының 2-ші шақырымында 13 қазанда сағат 21.39-да "Ауди" және ГАЗ көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Ауди" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; ГАЗ көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін