Шығыс Қазақстан облысында жолақысын төлеуге жеңілдік берудің біртұтас тәртіптерінің жобасы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жолақысын төлеуге жеңілдік берудің біртұтас тәртіптерінің жобасы жасалды

Шығыс Қазақстан облысында жолақысын төлеуге жеңілдік берудің біртұтас тәртіптерінің жобасы жасалды

Өскемен. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жолақысын төлеуге жеңілдік берудің біртұтас тәртіптерінің жобасы жасалды. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Александр Каширин бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

2008 жылдың 1 мамыры мен 10 қарашасы аралығында жасы толуға байланысты зейнет демалысына шыққандар, 3 топтағы көзі көрмейтін мүгедектер мен жалпы науқасқа байланысты мүгедектер, жалпы науқасына байланысты 1 және 2 топтағы мүгедектер қалалық бюджеттің есебінен жеңілдетілген жолақысын төлеу құқығына ие болған.

Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 243 млн теңге бөлінді. Соның ішінде 139 млн теңгесі тасымалдаушыларға бағының өсуін тежеу үшін белгіленген баға мен іс жүзіндегі шығындар арасындағы айырмашылықты өтеу мақсатында бөлінді.

«Экономикалық ахалға байланысты Өскемен қаласының бюджетінде енді жолақы жеңілдігін беру және оған қатысушылар қатарын ұлғайтуға қаржы жоқ», деп хабарлайды әкімдік. Бұдан басқа жеңілдіктер сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар