Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, апат 8-қаңтарда болған. Өскемен- Рахмановские ключи тас жолының 185-ші шақырымында «ВАЗ-21063» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-21093» автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21063» автокөлігінің бір жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырса, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті