Шығыс Қазақстан облысында жылқы үйірін айдап әкеткен барымташылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жылқы үйірін айдап әкеткен барымташылар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жылқы үйірін айдап әкеткен барымташылар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Шаған ауылында 134 жылқыны айдап әкеткен барымташылар ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей ішкі істер басқармасының Пригородный бөлімінен хабарлады.

  • 8 Қараша 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz

Шаған ауылында жылқы фермасы бар, бірақ өзі Семейде тұратын бір адамның шаруашылығындағы жылқылар қолды болған. Ұрылар жылқышының жоқтығын пайдаланып үйірді айдап әкеткен.

Тәртіп сақшылары 120 жылқыны жайылымнан бірнеше шақырым жерден тапты. Ал қалған 14 жылқы Саржал ауылынан табылды. Ұрлыққа күдіктілер де осы ауылда қолға түсті.
Полициядағылар тергеу мүддесіне сай ұсталған адамдардың санын ашық айтпай отыр. Бірақ күдіктілерді қарақшылық топ деп атауға болады дегенді жоққа шығармайды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта