Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автожолдар жолаушылар көліктері үшін жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автожолдар жолаушылар көліктері үшін жабылды

Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар автожолдар жолаушылар көліктері үшін жабылды

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қардың көп мөлшерде жаууы, жол көрінісінің шектелуі, көктайғақ) сағат 17:00-ден бастап Өскемен - Риддер-Ресей шекарасы (15-105 км) автожолының «Белоусовка-Риддер» учаскесі және Өскемен - Зырян - Қатон-Қарағай - Рахман қайнарлары (6-65 км) автожолының «Ушанов-Серебрянск» учаскесінде жолаушылар автокөлігі үшін уақытша жол қозғалысы шектелген.

  • 14 Қараша 2012
  • 250
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның №30 ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар