Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында мас күйінде суға шомылу салдарынан 2003-жылы 78 адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында мас күйінде суға шомылу салдарынан 2003-жылы 78 адам суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында мас күйінде суға шомылу салдарынан 2003-жылы 78 адам суға батып кетті

2003-жылы Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында 133 адам, соның ішінде 15 бала суға кетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12 процентке артық,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне судан құтқару қызметінің Семей аймақтық орталығының қызметкері Андрей Коротков.

  • 2 Наурыз 2004
  • 476
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, адамдардың суға кетуіне негізінен мас күйінде суға шомылу (78), судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу (38) және суда жүзе алмау (9) себептері түрткі болған.

Өткен жылы Семейде де суға батқандар санының арту көрінісі байқалды. Мәселен, 2002-жылы бұл көрсеткіш 29 адамды (соның ішінде 3 бала) құраса, 2003-жылы 42 адам, соның ішінде 7 бала суға кетті.
А.Коротковтың айтуынша, биыл жағдай тұрақтанып, жыл басында бір ғана қайғылы оқиға тіркелді. Ол кезде 4 бала сең үстінде қалып қойған болатын. Судан құтқару қызметінің күшімен балалар сең бұғаудан құтылып, ешкім зардап шекпеді.
А.Коротковтың айтуынша, судан құтқару қызметінің қызметкерлер құрамы қазір алдағы сең жүре бастайтын маусымға дайындалу үстінде. Ең басты қиындық- құрал-жабдықтың ескіргендігі дейді ол. Аймақтық судан құтқару қызметінің иелігінде қазір екі автокөлік пен үш қайық қана бар. «Қалыпты жұмыс істеу үшін бұл мүлдем жеткіліксіз. Оның үстіне ескі үлгідегі сүңгу жабдықтарының да тозығы жетті»,- дейді ол.

Соңғы жаңалықтар