Шығыс Қазақстан облысындағы су тазарту қондырғыларында болған апатқа байланысты Павлодар облысында су сапасын қадағалау күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысындағы су тазарту қондырғыларында болған апатқа байланысты Павлодар облысында су сапасын қадағалау күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысындағы су тазарту қондырғыларында болған апатқа байланысты Павлодар облысында су сапасын қадағалау күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысы Первомайск ауылындағы су тазарту қондырғыларында болған апатқа байланысты Павлодар облысында Ертістің суы мен ауыз судың сапасын қадағалау күшейтілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Аманжол Темірбаев хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 832
Фото - Caravan.kz

Оның айтуына қарағанда, апат салдарынан Ертіске құйылған лас су келесі аптаның басында Павлодар облысына жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты облыс тұрғындарына берілетін ауыз су хлормен әсіре өңделеді. Сондай-ақ, қазір су тазарту қондырғыларының жұмысына қойылатын бақылау күшейтіліп, облыс тұрғындарына Ертістен тазартылмаған су алып тұтынбау туралы ескерту берілді, дейді А.Темірбаев. «Қазір біз жұқпалы дерттер мен басқа да аурулардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар қолданып жатырмыз»,- деді ол.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің түсініктемесі бойынша, профилактикалық шаралар облыста бір аптадан кейін басталатын тасқын кезеңінде де жалғасын табады.
Қытай мен Ресей аумағы арқылы ағатын трансшекаралық Ертіс өзенінің ахуалы соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстандық және Ресейлік экология мамандарының алаңдаушылығын туғызып отыр. Ертіс өзенінің Қазақстан аумағы арқылы өтетін ұзындығы 1700 шақырымға тең. Сол аумақтың өзінде үш жерде су электр станциясы салынған. Сондай-ақ, өңірдегі ірі әнеркәсіп орындарының ағызынды сулары да өзенге жіберіледі. Ал Ертісті бойлай орналасқан ірі қалалардағы тұрғын үй-коммуналдық су қамтамасыздығы жүйесінің әбден тозығы жетіп, суды сапалы тазарту функциясын атқара алмай отыр. Ертіске жыл сайын 150 млн. текше метр тазартылмаған су тасталады. Ресейлік және Қазақстандық экология мамандары Ертіс суын тиімді пайдалану және оны сақтап қалу мәселесі бойынша сәуір айында Омбыда бас қосады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар