Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, шекара бұзушы «Нива» автокөлігімен Ресей шекарасына қарай бет түзеген. Шекарашылар жасағы автокөлікті тоқтатуға әрекет жасағанымен, тізгінші талапты орындаудан бас тартып, шекараға қарай жүйтки жөнелген. Бірақ автокөлік қуғыннан құтыла алмады. Қазақстан азаматының автокөлігін тексеру кезінде әрбіреуінде 28 бөтелкеден арақ салынған 11 жәшік табылды. Бір жәшіктің құны шамамен 46 мың теңгеге бағаланады. Бұл дерек бойынша қазір тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, Өскемен отрядының аумағында 12-қаңтарда контрабандалық жүкті заңды өткелек жоқ жермен алып өтуге әрекет жасағаны үшін Ресей азаматы айдаған ВАЗ-2102 автокөлігі ұсталды. Қазақстан азаматымен бірге жолға шыққан әлгі адам жалпы құны 900 мың теңгені құрайтын күнделікті тұтыным тауарларын Ресейде сатпақшы болған.
Батыс Қазақстан облысындағы «Погодаево» заставасы учаскесінде «Газ» автокөлігімен Қазақстанға қарай бет алған Ресей азаматы ұсталды. Автокөлікке жүргізілген тінту кезінде 250 мың теңгенің контрабандалық күнделікті тұтыным тауарлары шықты.
Осындай барлық істер мен жүктер кеден қызметкерлеріне табысталды.
Жалпы алғанда 9-16-қаңтар аралығындағы бір аптада шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған 307 адамды ұстады.