Шығыс Қазақстан облысының әкімі Семейлік атқамінерлердің алдына бірқатар кезек күттірмейтін міндеттер қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Семейлік атқамінерлердің алдына бірқатар кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Семейлік атқамінерлердің алдына бірқатар кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов Семейге жасаған жұмыс сапары барысында қалалық атқамінерлердің алдына бірқатар кезек күттірмейтін міндеттер қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

В.Храпуновтың айтуынша, қазіргі басты мәселелердің бірі — халықты әлеуметтік қорғау болмақ. Қазіргі жағдаймен Семейде 13 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. «Осы адамдардың жаппай жұмыспен қамтылуы үшін барлық жағдайды жасау қажет»,- деді облыс әкімі.

Мемлекет экономикасының арқау — негізін құрайтын шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жалғастыра беру қажет, деді В.Храпунов. «Бұл ретте мысал ретінде Алматыны келтірейін. Егер 1997-жылы мұнда шағын және орта бизнес субьктілерінен түсетін түсім бюджеттің 4,78 процентін құраса, қазіргі жағдаймен бұл сан 230 млрд. теңгені құрайтын жалпы көлемнің 36 млрд. теңгесін иемденеді»,- деді В.Храпунов.
Сонымен бірге, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын үлкен белсенділікпен жүзеге асыру қажет. 2005-2007-жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында 12 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынуы тиіс.
Семейдегі ең көкейкесті қиындықтардың бірі ретінде әкім жылу көздерінің қазіргі ахуалын атады. «Бу қазандықтарын толық жаңалау үшін орасан көп қаржы талап етіледі. Сол себепті бұл проблеманы шешудің бірнеше жолы бар, не болмаса, Ресейдің көмегімен бірнеше қуатты бу қазандығын салу қажет, не, қазіргі бар қазандықтарды жөндеп, оларды энергетикалық аудандарға біріктіру қажет»,- дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Жолдардың проблемасын шешу турасында да айтылды. «Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардың ахуалын ретке келтіру үшін көлік және коммуникация министрімен бірлесе отырып көп істер тындыру керек. Бүгінде мұндағы жолдардың жағдайы сын көтермейді»,- деді ол.
В.Храпунов сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердің желісін кеңейту, ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі үш жылдық бағдарлама бойынша жұмыстарды жалғастыру, «Мәдени мұра» бағдарламасын да естен шығармау қажеттігін атап өтті.
22-желтоқсанда Өскеменде облыстық мәслихаттың сессиясы өтіп, онда 2005-жылғы облыстық бюджет жобасы қаралады, деді әкім. «Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған барлық жоспарлар бюджет статьяларында көрініс тауып, атқарылуы абзал»,- деді В.Храпунов.

Перейти к новостям спорта