Жарияланды: 630

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жаңа мешіт салынады

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында болашақ мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Мешіт құрылысын әлеуметтік жаңғыртулар жөніндегі Кувейт қоры мен Ғабиден Рахметов атындағы қор қаржыландырғалы отыр. Жобаның құны шамамен 45-50 мың долларды құрайды деп межеленген. Қыс бойы құрылыс материалдары дайындалып, мешіт құрылысын салу жұмысы 2004-жылғы көктемде қолға алынады. Әлеуметтік жаңғыртулар жөніндегі Кувейт қорының өкілі Наджим Хасанның айтуынша, қазір жаңа мешіт ғимаратының сурет нұсқалары жасалуда. "Жаңа мешіт шетелдік мешіттердің үлгісінде салынады",- деді ол. Мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысқан ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ержан Рахметовтың айтуынша, бұған дейін 50 адамға есептелген ескі ғимаратта аллаға құлшылық жасап келген Бесқарағай ауданының тұрғындары үшін жаңа мешіт көптен күткен қуанышты жағдай болмақ. Жаңа мешіт 150 адамға есептелген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін