Қасымовтың айтуынша, 11-ші мәрте өткізгелі отырған бұл сапарын ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 63 жылдық мерейтойы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 12 жылдығына арнайды.
Екі ай ішінде ол София (Болғария) — Белград (Югославия) — Загреб (Хорватия) — Любляна (Словения) — Венеция (Италия) — Женева (Швейцария) — Париж (Франция) бағытында 3 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтпекші.
Түгелбек Қасымов — велосипед спорты бойынша Қазақстанның спорт шебері, халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагері. Бүгінге дейін 25 мың шақырымды велосипедпен жалғыз өзі жүріп өткен спорт шебері 1990-жылдан бастаған велосапарларын Бейбітшілік үшін жасаған өзіндік ерекше акция деп санайды.