Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны күйдіргіге шалдықты деген күдікпен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны күйдіргіге шалдықты деген күдікпен ауруханаға түсті

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны күйдіргіге шалдықты деген күдікпен ауруханаға түсті

38 жастағы Семей тұрғыны күйдіргіге шалдықты деген күдікпен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Оған "карбункул сипатындағы күйдіргінің орташа ауыр түрі " деген диагноз қойылып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2004
  • 325
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, әлгі ер адам 29-маусымда Знаменка ауылдық ауруханасына түскен. Алдын-ала болжам бойынша, 14-маусымда мал сойып жатқан кезде оны бір жәндік шағып алған. Науқас пен мал сойылған жерден сынамалар алынып, Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының зертханасына жіберілді.

Перейти к новостям спорта