Шығыс Қазақстан облысының Жарқын ауылында жаңа мектеп салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының Жарқын ауылында жаңа мектеп салынады

Шығыс Қазақстан облысының Жарқын ауылында жаңа мектеп салынады

Шығыс Қазақстан облысының Жарқын ауылында (Семей өңірі) 2005-жылдың тамыз айында жаңа мектеп салынады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық білім беру және спорт бөлімінің жанындағы ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі бөлімшесінің бастығы Евгений Солонцов хабарлады.

  • 18 Ақпан 2005
  • 504
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Жарқын ауылында мектеп болған жоқ. Соның салдарынан балалар сабақтар өткізуге арнап жабдықтаған, әр жердегі бұрынғы үш тұрғын үйдің ғимаратында оқып келді. «Онда тек кабинеттер ғана бар, ал шеберханалар мен спортзал деген атымен болған жоқ»,- дейді Е.Солонцов.

Оның айтуынша, мектеп құрылысы 2004-жылы басталған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 147 млн. теңге бөлінді. Қазіргі жағдаймен мектептің ғимараты, трансформатор пункті мен қазандық құрылысы аяқталды. Бүгінде ғимарат құрылысы сыланып, шатыры жабылуда.
Екі қабатты мектеп ғимараты 160 орынға есептелген.
Е.Солонцовтың хабарлауынша, қазір тағы бір мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттар жасалып дайын болды. Бұл мектеп Семейдің Восточный ықшам ауданында салынады. Ауданда қазір екі мектеп бар, бірақ олардағы бала саны 2,5 есе артық. 1296 балаға арналған жаңа мектеп жағдайды сәл де болса жеңілдетеді, дейді Е.Солонцов.

Перейти к новостям спорта