Шығыс Қазақстан тас жолдарынан адамдар эвакуациялануда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан тас жолдарынан адамдар эвакуациялануда

Шығыс Қазақстан тас жолдарынан адамдар эвакуациялануда

Шығыс Қазақстандағы Қалбатау-Өскемен тас жолында қар құрсауында қалып қойған адамдар эвакуациялануда деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта Жарма ауданында Қалбатау-Өскемен тас жолынан адамдар эвакуациялануда. Бастапқы берілген мәлімет бойынша, 30 автокөлік қар құрсауында қалып қойған", — деп хабарлайды.ТЖД.

  • 11 Қаңтар 2017
  • 362
Фото - Caravan.kz


Айта кететін бір жайт, Шар-Бақыршық  телімі түк көрінбейтін ақ түтек боранның салдарынан кешкісін жабылған болатын. Құтқарушылар екі жақтан аттанды: Шар жақтан – ӨСБ-55 қызметкерлері, Өскеменнен – Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару тобының қызметкерлері.  Бұдан бөлек, таңға жуық өрт сөндірушілер Абай-Семей тас жолынан 15 адамды құтқарды.  Сағат 9-дағы ахуал бойынша келесі жолдар екі бағытта жабық: Шар-Бақыршық және Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка.

 

Перейти к новостям спорта