Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болған жол апатынан 4 адам қаза тауып, екеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болған жол апатынан 4 адам қаза тауып, екеуі  жараланды

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болған жол апатынан 4 адам қаза тауып, екеуі жараланды

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болған жол апатынан 4 адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Мамыр 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы-Астана тас жолының 134-ші шақырымында 27-мамырда 18 сағатта «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. «Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 19 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы бір 19 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1-ші шақырымында 27 -мамырда 11 сағатта «УАЗ-3303» жүргізушісі «Вольво» автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан «УАЗ-3303» жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқыс оқиға орнында мерт болды. «УАЗ» автокөлігінде отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті