Мәселен, Ақмола облысының Костычево ауылында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан бір отбасының 18-25 жас аралығындағы үш мүшесі көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.
Көмірқышқыл газынан уланған тағы төрт адам Өскемендегі жай үйлердің бірінен табылды. Үш еркек пен алты жасар баланың мәйітін тәртіп сақшылары жексенбі күні кешке тапты. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, үйде 2 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты. «ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі шақырылмады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті